RU

Қапшағай су қоймасында үш балықшы құтқарылды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қапшағай су қоймасының "Голубой залив" учаскесінде үш балықшы сынған мұздақтың үстінде жағадан алыс кетіп қалған. 11 ақпан күні түнде Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне осы жағдайға байланысты хабарлама келіп түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі

Фото: Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға орнына Қапшағай өңірі шұғыл-құтқару жасағының құтқарушылар бөлімшесі жіберілді.

"Қолайсыз ауа райы жағдайында (жел, қараңғы мезгіл, жұқа мұз) құтқарушылар мұз үстінде резеңке қайықты шамамен екі шақырым жер алып өтіп, тағы 500 метр жүзіп, балықшыларды құтқарды. Таңғы сағат 04.20-да балықшылар аман-есен жағаға жеткізілді. Олар медициналық көмектен бас тартты", – деп хабарлады Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқару операциясына 4 құтқарушы, 1 техника бірлігі және 1 қайық жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, Жамбыл обысы Жуалы ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы-Ташкент" жол учаскесінде қар құрсауында қалған 26 автокөлік шығарылып, 140 адам эвакуацияланған.

Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін төтенше жағдайлар департаментінің 30-ға жуық қызметкері және 6 бірлік техника жұмылдырылған. Апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!  

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қапшағай су қоймасында үш балықшы құтқарылды (фото)
Mailfire view pixel