RU
Бутаковка шатқалындағы шипажай құрылысы алматылықтардың шамына тиді

Бутаковка шатқалындағы шипажай құрылысы алматылықтардың шамына тиді

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астана тұрғыны Салтанат Тәшімова әлеуметтік желіде Бутаковка шатқалында тау-шаңғы кешені салынғалы жатқанын хабарлады. Мұндай мәлімдеме желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп, ақпаратқа Экология министрлігі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

курорт

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматылық тұрғын өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында шипажайдың құрылысы үшін инвесторлар барын, олардың жобамен танысып үлгергенін хабарлады.

Оның айтуынша, мегаполис билігі коммуникация жүргізеді, ал қалған шаруамен кәсіпкерлер айналыспақ.

"Бұл не деген шабуыл - Көк-Жайлауға сала алмай, енді Бутаковкаға кірісті ме? Біздің тауларымызды жайына қалдырыңдар!", - деді Салтанат.

Айта кету керек, Тәшімованың жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен.

"Шипажай құрылысы" туралы ақпаратқа Іле-Алатау ұлттық саябағының қызметкері Салтанат Өсербаева пікір білдіріп, Бутаковка аумағында тау-шаңғы кешенінің құрылысы жоспарланбағанын мәлім етті.

"Орман шаруашылығы материалдарының негізінде кесілген ағаштардың орнына Шренка шыршалары отырғызылады. Бұл шатқалда ешқандай тау-шаңғы кешенін дамыту жобалары тіпті жоспарланбаған.
Біз міндетті түрде қоғамды хабардар етеміз. Орманға ағаш отырғызу туралы хабарлама ұлттық парктің сайтында, "Фейсбукте", "Инстаграмда" жарияланады", - деп жазған Өсербаева.

Одан бөлек Салтанат Тәшімованың жазбасына орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы да жауап берген.

"Бутаковка аумағында жақында ғана санитарлық кесу жұмыстары жүрді. Қазір шамамен көктемге дейін жалғасатын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Көктемде шырша отырғызу үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі. Ұлттық паркте осы жерге қайтадан ағаштар егілетін болады", - деді Сәкен Ділдахмет.

Оның айтуынша, ұлттық парк аумағында кез келген құрылыс пен ағаш кесудің алдында міндетті түрде қоғамдық тыңдалым өтеді.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОқаев бұған дейін Көк-Жайлау жобасымен айналысуға тыйым салған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel