Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы тәртіпсіздік: 8 мың қазақстандық екі күнде Қырғызстаннан қайта оралған

Опубликовано:

Қордайда болған тәртіпсіздіктерден кейін жаппай Қырғызстанға кеткен отандастарымыз үйлеріне қайта оралуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қордайдағы тәртіпсіздік: 8 мың қазақстандық екі күнде Қырғызстаннан қайта оралған
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі: UGC

Қазақстандықтардың отанына орлауы туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев үкімет отырысында кезінде айтты.

Ол болған тәртіпсіздіктерден кейін көптеген қазақстандықтардың елден кетіп, Қырғызстанға қашқанын хабарлады. Дегенмен соңғы екі күнде отанына сегіз мыңға жуық қазақстандық тұрғын оралған.

Облыс әкімінің сөзінше, ауданда штатты режимде білім беру мекемелері мен сауда нысандары жұмыс істеп жатыр.

"Осы үш күнде біз барлық 5 ауылдың халқымен кездесіп, оларға қандай көмек көрсетілетінін нақтыладық. Жалпы адамдар жағдайды жақсы түсініп отыр", - деді Жамбыл облысының басшысы.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған. Әзірге ұсталғандардың нақты саны белгісіз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840442-kordajdagy-trtipsizdik-8-my-kazakstandyk-eki-knde-kyrgyzstannan-kajta-oralgan/

pixel