RU

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан қанша шығын келгені анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздік салдарынан қанша шығын келгені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Сарапшы мамандар үш күн бойы мүліктерді санап, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 1 миллиард 7 миллион теңгедей шығын келді деген қорытынды шығарған.

Енді материалдық шығын заңға сәйкес шетінен төленеді. Өтемақы алу үшін тұрғындардың құжаттары түгел болуы керек. Олардың құжаттары талапқа сәйкес болмаса, өтемақы толық берілмейді.

Бұл бағытта мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары жергілікті жерде жұмыс істей бастаған. 

Мекемелер таңғы сағат 9-дан кешкі 19:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтармен жұмыс істеу мақсатында арнайы топтар құрылған.

Жұртқа ыңғайлы, әрі қолжетімді болу үшін Масанчи, Сортөбе, Бұлар батыр елді мекендерінде жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Мамандар жұрттың өтінішін тіркеп, сол жерде қабылдайды.

Себебі қазір қолдарында мүлік иесі екенін растайтын құжаты жоқ адамдар да бар екен. Тұрғындардың сөзінше, көпшілігі құжаттарын жанжал кезінде жоғалтқан. 

Еске сала кетсек, Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 10 адам мерт болды.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған. Әзірге ұсталғандардың нақты саны белгісіз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан қанша шығын келгені анықталды
Mailfire view pixel