Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киевте құлаққаппен жүрген 17 жастағы қызды пойыз қағып кетті

Опубликовано:

Украина астанасындағы "Протасов Яр" темір жол бекетінде қайғылы жағдай орын алды. Электричка пойызы жас қызды қағып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Информаторға сілтеме жасап.

киевте
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қайғылы жағдай 7 ақпанда, шамамен сағат 19.40-та болған.

Полицейлердің хабарлауынша, бойжеткен құрбысымен бірге рельстен өтіп бара жатқан. Осы сәтте бекетке қыздардың бірін басып кеткен қалалық электричка келіп қалған.

Алдын-ала болжам бойынша, марқұмның құлағында құлаққап, басында капюшон болған. Дәл осы себептен ол жақындап қалған пойызды көрмеген.

Қызды соққан пойыз оны платформаға қарай лақтырып жіберген. Өкінішке орай, дәрігерлер келгенше жас қыз көз жұмған.

Марқұмның кім екені анықталды. Ол Киев облысының 17 жастағы тұрғыны болып шыққан.

Болған оқиғаға байланысты Украина Қылмыстық кодексінің 276 бабы, 3 бөлімі (теміржол, су немесе әуе көлігін пайдалану немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция қайғылы жағдайдың себебін анықтау үстінде.

Еске сала кетсек, Қызылордада темір жолдың арғы бетіне өтпек болған 26 жастағы ер адамды пойыз қағып кеткен еді. Азамат оқиға орнында қайтыс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840446-kievte-klakkappen-zrgen-17-zastagy-kyzdy-pojyz-kagyp-ketti/

pixel