Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр: Қытайдағы этникалық қазақтар "қайта оқыту" орталықтарынан босатылды

Опубликовано:

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайдағы этникалық қазақтар "қайта оқыту" орталықтарынан босатылғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

лагерь
Мұхтар Тілеуберді. Фото: СІМ баспасөз қызметі: Facebook
"Қайта оқыту" деген орталықтарда этникалық қазақтар болды. Бірақ былтыр біздің мемлекет басшымыз Қытайға барған кезде, ол елдің үкіметі этникалық қазақтар бұл орталықтардан шығарылғанын ресми түрде хабарлады", - деді министр.

Айтуынша, қазір Қазақстан Қытай билігімен этникалық қазақтардың мәселесі бойынша екі жақты деңгейде жұмыс істеп жатыр.

Тілеубердінің айтуынша, соңғы екі жылдың ішінде сыртқы істер министрлігіне Қазақстан азаматтарынан Шыңжаңда тұратын этникалық қазақтарға қатысты 5 мың өтініш түскен. Олардың барлығы қаралып, тиісті көмек көрсетілген.

"Былтыр этникалық қазақтарға 43 мың виза берілді. Ол бір мәртелі емес, үш жылға тегін берілетін визалар. 2018 жылы біз тек 8 мың ғана берген едік. Өсім қандай екенін көріп тұрсыз ба? Этникалық қазақтар Қазақстанға көптеп келіп жатыр", - деді Тілеуберді.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы этникалық қазақтарға қатысты пікір білдірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1840449-ministr-kytajdagy-etnikalyk-kazaktar-kajta-okytu-ortalyktarynan-bosatyldy/

pixel