RU

Алматыда желіде тұрғындарды тәртіпсіздікке шақырған екі адам ұсталды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың полиция қызметкерлері тұрғындарды тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа шақырды деген күдікке ілінге екі адамға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Олардың бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/Polisia.kz

Видеодан кадр/Polisia.kz

Тергеу нұсқасы бойынша, 33 және 30 жастағы екі алматылық тұрғын танымал әлеуметтік желі мен мессенджер арқылы азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттер мен халық көп жиналатын орындарға жиналуға шақырған деп жазады Polisia.kz.

Қазіргі уақытта оларңа қатысты қылмыстық кодекстің 272 бабы үшінші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда, мегаполис полициясы қала тұрғындарын әртүрлі арандатушылыққа бой алдырмауға және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Еске сала кетсек, Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 10 адам мерт болды.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған. Әзірге ұсталғандардың нақты саны белгісіз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда желіде тұрғындарды тәртіпсіздікке шақырған екі адам ұсталды (видео)
Mailfire view pixel