RU

Өзбекстанда коронавирус қаупіне байланысты 700-ден аса адам карантинде жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстанда Қытайдан оралған 770-тен астам адам коронавирус қаупіне байланысты екі апталық карантинде жатыр. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі жанындағы санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық агенттігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Коронавирустың таралуына байланысты 10 ақпандағы жағдай бойынша Өзбекстанда 771 адам екі апталық карантинде жатыр", – делінген хабарламада.

Өзбекстан қатерлі вирустың өршуіне байланысты Қытайдағы азаматтарын елге жеткізу процесін 6 ақпанда аяқтады.

Осы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 4.40-та Бейжіңнен Ташкентке үшінші жолаушылар рейсі жеткізілді. Ұшақ бортында 251 жолаушы, сондай-ақ заманауи қорғаныс құралдарымен қамтылған экипаж мүшелері мен дәрігерлер болған.

Жолаушылардың барлығы уақытша орналастыру пункттерінде карантинге жатқызылды.

Айта кетейік, бүгін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы 217 Қазақстан азаматының Қытайдан эвакуацияланғанын мәлім етті.

Сондай-ақ бұған дейін сегіз қазақстандық азаматтың Уханьнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетсек, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Ухань қаласында пневмонияның өршуі туралы мәлімдеді. Аурудың қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі 2019-nCoV екені анықталды.

Соңғы деректерге сәйкес, қатерлі вирустан көз жұмғандардың саны мыңнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өзбекстанда коронавирус қаупіне байланысты 700-ден аса адам карантинде жатыр
Mailfire view pixel