Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өте салқын немесе тым ыстық ішудің зияны бар ма

Опубликовано:

Дұрыс тамақтану жайлы айтқанда біз оның сапасына, құрамына мән береміз. Ал адам денсаулығына тағамның температурасы да әсер ететінін ұмыт қалдырып жатамыз. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz сайтына сілтеме жасап тым салқын немесе тым ыстық ішудің зияны туралы мәлімет ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Көптеген адамдар тамақтан соң салқын сусын ішкенді ұнатады. Тамақтан соң салқын сусын ішкенде ақуыз жеткілікті мөлшерде былайша айтқанда өңделмейді, ақуыз аминқышқылдарына айналады да, тағам асқазанды жылдам тастап, ішекте шіри бастайды, нәтижесінде ішекте қабыну аурулары туындайды.

Ал тағамды, шайды, кофені ыстықтай ішкенді ұнататындар мынаны білген жөн.

Ғалымдар ыстық шай немесе қатты ыстық ас өңешті күйдіретінін, оның көлемі ұлғайған сайын күю мөлшері де артатынын айтады. Ыстықты ішу барысында асқазанның шырышты қабығы жансызданып, ойық жараның пайда болуына жол ашылады.

Осылайша, тым ыстық немесе тым салқын тағамдарды, сусындарды ішу ішкі органдардың эпителийлі жасушаларын бұзады, ал ол рак ауруларын туындатуы мүмкін. Сондықтан ғалымдар тым салқын да, тым ыстық та ішпеген дұрыс пікірде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840478-te-salkyn-nemese-tym-ystyk-isudi-ziany-bar-ma/

pixel