Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда "телефоным ұрланды" деп өтірік айтқан қыздың басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Елордада "телефоным ұрланды" деп полицияға жалған арыз берген бойжеткен жауапқа тартылуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, "Сарыарқа" аудандық полиция басқармасына 24 жастағы бойжеткен қоғамдық автобустың ішінде 89 мың теңгелік "Huawei P Smart" телефонын қалтасынан әлдемкімнің жымқырып кеткенін айтқан.

Алайда тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтау барысында арызданушының сөзінде шикілін барын байқапты.

Күдіктіні анықтау үшін полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасын тексерді. Сөйтіп, жәбірленушінің өзі айтқан автобусқа отырмағанын біледі.

Ақыры бойжеткен полицияға жалған арыз бергенін мойындаған.

Анықталғандай ол достарымен қыдырып жүріп, ұялы телефонын жоғалтып алған көрінеді.

Ал полицияға шағымдануына "Арыз жазсаң тез арада тауып береді" деген достарының кеңесі себеп болса керек.

Қазіргі уақытта арыз жазуға келген бойжеткен Қылмыстық кодекстің 419 бабы (көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша жауапқа тартылып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында ер адамның әйелімен ұрыспау үшін тоналғаны туралы өтірік айтамын деп басы дауға қалғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840481-nr-sltanda-telefonym-rlandy-dep-tirik-ajtkan-arudy-basy-blege-kaldy/

pixel