RU
БАҚ: Әйгілі Энрике Иглесиас үшінші мәрте әке атанды

БАҚ: Әйгілі Энрике Иглесиас үшінші мәрте әке атанды

Рассказать Вконтакте

Ел алдына көп шыға бермейтін Энрике Иглесиас пен Анна Курникова үшінші мәрте ата-ана атанды. Жеке өмірін барынша жасырын ұстап жүретін жұлдызды жұптың балалы болғанын әншінің інісі радиодан хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/annakournikova. KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/annakournikova. KAZ.NUR.KZ

Анна Курникова мен Энрике Иглесиас қарым-қатынасын ел назарынан барынша жасырып жүретін жұптар қатарында көш бастап тұр. Қос ғашық бұқаралық ақпарат өкілдеріне мүлдем көрінбей жүруге тырысады.

Ресейлік спортшының бірінші жүктілігі көпшілік үшін күтпеген тосын сый болған-ды. Қарым-қатынасын заңдастырмаған жұлдызды жұп 2017 жылы алғаш рет ата-ана атанды. Анна әнші сүйіктісіне егіз сәби сыйлаған. Ол дүниеге бір ұл мен бір қызды алып келген.

Енді араға үш жыл салып, ғашықтар үшінші мәрте ата-ана болған. Олар бұл жаңалығын барынша жасырып келгенімен, желіде аяғы ауыр Курникованың фотосы тарап кетті.

Энрике мен Анна қуанышты хабарын тіпті ғаламтордағы жанкүйерлеріне де әлі растаған жоқ. Алайда, әйгілі әншінің інісі Хулио Иглесиас жеңгесі босанғанын көпшілікке айтып қойды.

10 ақпан күні ол чилилік ADN радиостанциясына сұхбат беріп, отбасы жаңа адаммен толыққанын хабарлады. Жүргізуші оған тың мәліметтермен бөлісуін сұрағанда, ағасы мен әйелі бұл жайтты жария еткісі келмейтінін жеткізді.

Оған қоса, Хулио жиенінің жынысын айтудан бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Энрике Иглесиастың айдау сұлу қарындастары туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel