Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы тәртіпсіздік: Тұрғындар босатылған азаматтарды заң бойынша қудаламауды сұраған

Опубликовано:

Қордай ауданының тұрғындары 7 ақпанда болған жанжалдан соң, дүйсенбі күні аудан орталығында жиналған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

ауылдас
Көрнекі фото: primeminister.kz: UGC

Ақпаратты Қордай аудандық әкімдігі растаған.

"Орталық мешіт алдында Ноғайбай биге ескерткіш қойылған. Жергілікті тұрғындар соның маңайына жиналып, бұған дейін ұсталып, босатылған 44 адамды (басқа деректер бойынша 47 адам) заң бойынша қудаламаулы сұрады. Қазір оларды полиция бөліміне тергеуге шақыруда", - деді әкімдіктегілер.

Аудандық әкімшіліктің айтуынша, жиналғандарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлық сұрақтарға жауап берілген. Тұрғындарға тергеудің заңға сәйкес жүргізілетінін хабарлаған.

Жергілікті тұрғындар билік өкілдерінің сөзіне құлақ асып, жарты сағаттан соң тарап кеткен.

Еске сала кетсек, Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 10 адам мерт болды.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған. Әзірге ұсталғандардың нақты саны белгісіз. Ішкі істер министрлігі тергеудің мәліметтерін жариялай алмайтынын айтып, қамауға алынғандардың санын нақты айтпады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840487-kordajdagy-trtipsizdik-trgyndar-stalgan-azamattardy-za-bojynsa-kudalamauly-sragan/

pixel