RU

Хабиб Нурмагомедов әлемдегі ең мықты аралас жекпе-жек шебері деп танылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Sherdog статистикалық порталы салмақ санаттарына қарамай аралас жекпе-жектің рейтингін (MMA) жаңартты. Тізімде ресейлік Хабиб Нурмагомедов көш бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Антон Денисов / РИА Новости

Фото: Антон Денисов / РИА Новости

31 жастағы Хабиб Нурмагомедов абсолютті жекпе-жек чемпионатындағы танымал америкалық спортшы Джон Джонсты басып озған.

Айта кетейік, барлық салмақ санатындағы UFC рейтингінде ресейлік спортшы осы аралалас жекпе-жек шеберіне ғана жол беріп келген.

Sherdog құрастырған тізімнің үшінші сатысында тағы бір америкалық спортшы Генри Сехудо тұр.

Аталған рейтингтегі үздік 10 спортшының біреуі ғана UFC өкілі болып саналмайды.

Нурмагомедов - қазіргі уақыттағы UFC-тің жеңіл салмақтағы чемпионы.

18 сәуірде ол өз титулын америкалық Тони Фергюсонмен жекпе-жекте қорғайды.

Хабибтің мансабында 28 кездесуге шығып, барлығына қарсыластарынан басым түскен.

Еске сала кетейік, Хабиб Нұрмагомедов өткен жылдың желтоқсан айында оңтүстік астанаға келіп, "Алматы Аренада" Gorilla Fighting Championship 23 турнирінің құрметті қонағы болған еді.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген ол Қазақстанды екінші отанына теңеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Хабиб Нурмагомедов әлемдегі ең мықты аралас жекпе-жек шебері деп танылды
Mailfire view pixel