RU

Қырғызстанда халық көмір кенін қазуға қарсы шықты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда Алай ауданы Согонду ауылының тұрғындары екі жарым шақырым жерде орналасқан Тайгак-Таш аймағынан көмір қазуға қарсылық білдіріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Meder Niyazaliev (RFE/RL)

Фото: Meder Niyazaliev (RFE/RL)

Наразы тұрғындар табиғи байлықты өндіру жұмыстары қоршаған ортаға зиянын келтіріп, жергілікті дария суы былғанады деген пікірде.

Олар Алай ауданы әкімі Замир Молдокуловпен кездесіп, кен қазуға түбегейлі қарсы екендерін білдірген.

"Бұл аймақ біздің мал жаятын жайлау. Наурыз айынан бастап мал бағуға шығамыз. Көмір қазамыз деген компания әрекетіне біз басынан қарсы болғанбыз. Жұмыс басталса, дария суын да былғайды", - дейді Согонду ауылының тұрғыны Миртемир Рахманбердиев.

Басылым мәліметінше, Тайгак-Таш аймағындағы 119,93 гектар жерден "Бикипинг" компаниясы көмір іздеп жатыр.

Үкімет бұл компанияға пайдалы қазбаны іздеуге 2017 жылдың желтоқсан айында үш жылға рұқсат берген екен.

Еске сала кетсек, осыған дейін қырғыз-тәжік шекарасында жанжал туындап, салдарынан Қырғызстан ІІМ ішкі әскерінің қызметшісі оқ жарақатын алғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстанда халық көмір кенін қазуға қарсы шықты (фото)
Mailfire view pixel