RU

Уфада дәрігерлер коронавирусқа тексерілуге келген азаматтан қашып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Уфада жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері Қытайдан оралған 27 жастағы тұрғынды коронавирусқа тексеруден бас тартқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ НТВ -ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Басылымның мәліметінше, жас жігіт 8 ай бойы жұмыс істеген Қытай астанасы Бейжіңнен оралған. Жақында ол өзінен әлісіздікті байқайды. Ал өз кезегінде туыстары оған коронавирусқа тексеріле салуын айтып, кеңес береді. Себебі отбасыларында кішкентай бала болған.

Әкесінің айтуынша, ұлы ауруханаға барып, коронавирусқа анализ жасағысы келетінін айтқаннан кейін дәрігерлердің арасында дүрбелең туындаған.

"Алғашқыда ұлым анализ өткізетін ғимаратқа барды. Ол ішке кіргеннен соң Бейжіңнен келгенін, короновирусқа анализ тапсырғысы келетінін бүкіл дәлізге айтқан. Медициналық қызметкерлер жан-жаққа "тарап", ұлымды аурухананың қабылдау бөлмесіне жіберген", - дейді жігіттің әкесі Владислав.

Келесі ғимаратта да осы жағдай қайталанған. Ер азамат барған дәрігер алыстағы кабинетке қашып кеткен. Ал ақ халаттылар онымен жабық есік арқылы сөйлескен. Осыдан кейін одан мекемеден артқы есік арқылы шығуын сұраған.

Бұған қатысты пікір білдірген елдің денсаулық сақтау министрлігі ол жақта аталмыш факті бойынша, қазір қызметтік тексеріс жүріп жатқанын мәлім еткен.

Мекеме коронавирус күдігімен түскен адамдармен жұмыс істеу үшін барлық медициналық мекемеде арнайы алгоритм дайындалғанын атап өтті.

"Бұл алгоритм қатаң сақталуы керек. Аталған іс назардан тыс қалмайтыны айтпаса да түсінікті", - деді денсаулық сақтау министрі баспасөз қызметінің жетекшісі Светлана Кускарбекова.

Еске сала кетсек, осыған ұқсас жағдай Минск қаласында да болды. Онда Нұрсұлтан есімді жас жігітті жергілікті таксист Қытай азаматы деп ойлап, көлігіне отырғызбай қойған.

Бұған көлік жүргізушісінің коронавирустан қорқуы себеп болса керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Уфада дәрігерлер коронавирусқа тексерілуге келген азаматтан қашып кетті
Mailfire view pixel