Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның сегіз азаматы Оңтүстік Кореяның түрмелерінде отыр

Опубликовано:

Сегіз отандасымыз Оңтүстік Кореядағы бас бостандығынан айыру орындарында. Сонымен қатар, Қазақстанның тағы он бір азаматы заңды бұзды деп айыпталуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның сегіз азаматы Оңтүстік Кореяның түрмелерінде отыр
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтар туралы ақпарат екі елдің сыртқы саяси ведомстволар қызметкерлерінің кездесуінде белгілі болды деп хабарлайды " Хабар.24" арнасы.

Айта кету керек, Оңтүстік Кореяда қылмыс жасаған қазақстандықтардың жазасын отанында өтеу мүмкіндігі болады.

Жақын арада Қазақстан парламентінің төменгі палатасында екі мемлекет арасындағы сотталғандарды беру туралы келісім қарастырылады деп күтілуде.

Екі жақтың кездесуі барысында сонымен қатар Оңтүстік Корея азаматы сотталып, қазіргі уақытта Қазақстанда жазасын өтеп жатқандығы белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяда жеті жасар баланы қағып кеткен Қазақстан Республикасының азаматын екі жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Жол оқиғасы өткен жылдың қыркүйегінде орын алды. Апатқа кінәлі адамның Қазақстаннан заңсыз келгені анықталды.

Жас жігіт Павлодардан табылды. Содан кейін ол Сеулге өз еркімен оралды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840525-kazakstanny-segiz-azamaty-otstik-koreany-trmelerinde-otyr/

pixel