Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдық зағиптар уақытылы жалақы төлете алмаған шенеуніктің көзін байлап тастады

Опубликовано:

Оралда көмекшілері айлығын ала алмай жүргеніне ашуланған зағиптар салаға жауапты шенеуніктің көзін байлап тастады. Олар өздерінің мүшкіл халіне атқамінерлердің назарын осылай аударуға тырысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадрлар: "Астана" телеарнасы
Видеодан кадрлар: "Астана" телеарнасы: Instagram

Мүкіндігі шектелуі жандардың жеке көмекшілері былтырдан бері тиесілі жалақыларын толықтай алмағанын айтады. Бұл аздай қаңтар айында да жалақысыз қалыпты.

Амалы таусылған зағиптар енді қала әкімінен заңды митинг өткізуге рұқсат беруін сұрады.

Зағиптар Орал әкімімен кездесуге тыңғылықты дайындалған. Бірақ шенеуніктермен бірден тіл табысу оңай болмаған. Ақыры олар жұмыспен қамту бөлімі басшысының көзін орамалмен байлап тастаған.

Жеке көмекшінің қызметін 400-дей оралдық мүгедек пайдаланады. Көмекшілер - өздерінің жақын туысы немесе жұбайы. Әйтпесе көзі көрмейтін жанның қасынан күндіз-түні табылып, жетелеп жүру мүмкін емес. Мемлекет сол қызметтің әр сағатын 360 теңгеге бағалап, 3-4 сағатына ғана ақы төлейді екен. Бірақ олар сол ақшаның өзін ала алмай жүрміз дейді.

"2018 жылы желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз... Бес айдың ақшасын алған жоқпыз. Солай кетті. Жұмыспен қамту орталығы сотқа берді, ескіру мерзімі өтті деп істі жауып тастады. Енді қазіргі таңда біз ескіру мерзім болар деп сотқа бердік, бірақ Жұмыспен қамту орталығы ешқандай шара қолданған жоқ", - дейді І топ мүгедегі Есенғали Өтегенов.

Ашуға мінген мүгедектер жалақы мәселесін шеше алмаған жауапты шенеуніктерді соттап, жалақыны түгел төлеуді талап етті. Екі сағатқа созылған кездесуден кейін тараптар ортақ бітімге келген.

"Ақпан мен наурыздың ішінде бізге осы қаңтардың қарызы төленетін болды. Сағаттарымызды кішкене көбейтеді. Сосын соны қалай болса да, сотқа жеткізбей төлейтін болды", - дейді жеке көмекші Зәуреш Шатикова.

Бұл жағдайға қатысты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Галеев пікір білдірді.

"Атқарылған жұмыстар актісі болады. Сол акті бойынша олар дәлелдеп шығуы керек, өздерінің жасап жатқан қызметтерін дәлелдеуі керек. Содан кейін 8 сағатқа дейін төлеу мәселесі тұр. Ол енді әрбір жеке көмекшімен жеке-жеке шешілуі керек. Ол енді жалпылама емес. Әрқайсысын шақырып жеке жұмыстанатын боламыз", -дейді Ерлан Галеев.

Биылдан бастап, мүгедектерге қызмет көрсету жүйесі өзгертіледі. Яғни, әлеуметтік портал арқылы зағиптар өзіне ұнаған қызмет көрсетушіні өзі таңдайды. Енді мүгедектер ақпан айында рұқсат етілген митинг өткізбек ниетте. Бірақ жергілікті әкімдіктің бұған қалай қарайтыны белгісіз.

Еркін Қарин

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады. Кездесу барысында Аружан Саин шала туған әрі ретинопатия ауруына шалдығу салдарынан зағиптыққа ұшыраған сәбилердің проблемасын көтерді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840546-oraldyk-zagiptar-uakytyly-zalaky-tlete-almagan-seneunikti-kzin-bajlap-tastady/

pixel