Выйти
RU

Түркияда ұшқыш әуе лайнерінің ішінде есінен танып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркиядағы Сабиха Гекчен әуежайына қонбақ болған Pegasus әуе компаниясы ұшағының ұшқышы әуе лайнерінің ішінде есінен танып қалды. PC902 рейсі Венадан Стамбулға бағыт алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: centralasia.media

Көрнекі фото: centralasia.media: Twitter

Түркиялық БАҚ өкілдері ұшқыштың қонуға шақ қалғанда талып қалғанын хабарлады. Екінші ұшқыш Төтенше жағдай туралы жерүсті қызметтеріне хабарлап, әуе лайнерін өздігінше қондырған.

Лайнер әуежайға келген соң ұшқышты жедел жәрдем қызметі алып кеткен. Ақ халаттылардың айтуынша, қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сабиха Гекчен әуежайында жолаушылар ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен еді.

Анықталғандай, Pegasus әуе компаниясына тиесілі лайнер Измир-Стамбул бағытында рейсін орындаған.

Кейіннен оқиға салдарынан үш адамның қаза тапқаны белгілі болды. Одан бөлек, 179 жолаушы жарақат алған деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі.

Әуе кемесінің сәтсіз қонуына қолайсыз ауа райы әсер етіпті. Себебі, сол уақытта қатты жел соғып, жаңбыр құйып тұрған көрінеді.

Көп ұзамай апаттың видеосы желіде пайда болды.

Апатқа байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркияда ұшқыш әуе лайнерінің ішінде есінен танып қалды