RU
NASA Ай мен Марсқа ұшқысы келетін жандарды іздеп жатыр

NASA Ай мен Марсқа ұшқысы келетін жандарды іздеп жатыр

Рассказать Вконтакте

Американың аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) Artemis бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау басталғанын жариялады. Аталған бағдарлама шеңберінде Ай мен Марсқа басқарылатын ұшу жүзеге асырылмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: nasa.gov

Фото: nasa.gov

"Қазір бізде қызметтегі 48 астронавт бар. Ғарыштың түкпір-түкпіріне баратын ғарыш кемелерін басқаруға тағы да мамандар қажет", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Үміткерлер тізіміне ену үшін, АҚШ азаматтығынан бөлек ғылым, техника, инженерия және математика саласында магистр дипломы немесе медицина докторы дәрежесі қажет.

Сонымен қатар, ұшқыш-сынақшының даярлық курстары да ескеріледі. Теориялық базадан бөлек, үміткерлердің байланысты салада кемінде екі жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ рекативті әуе кемесінің командирі ретінде кемінде 1000 сағат ұшу тәжірибесі болуы тиіс.

Өтінімдер 2-31 наурыз аралығында қабылданады. Сондай-ақ үміткерлер екі сағаттық онлайн-тестілеуден өтуі тіис. Жеңімпаздардың есімдері 2021 жылдың ортасында жарияланады, содан кейін олар тағы екі жыл дайындықтан өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск 2050 жылға қарай Марсқа миллион адам ұшыруды көздеп отырғанын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel