Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Матч кезінде "құпия қағаз" алған Исламхан жанкүйерлерін қызықтырып қойды (видео)

Опубликовано:

Футболдан Азияның чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталды. Біріккен Араб Әмірліктерінің "Аль-Айн" клубында доп тебетін қазақстандық Бауыржан Исламханға ойын барысында бапкері "хат" беріп жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Алматылық "Қайраттың" бұрынғы капитаны өнер көрсететін "Аль-Айн" өз алаңында ирандық "Сепахан" клубын қабылдап, 0:4 есебімен ойсырай жеңілді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің командасы қақпасына үшінші допты жіберген соң, ұжымның бас бапкері Педро Эмануэль алаңға қосалқы құрамнан шыққан Омар Ясиннен Бауыржанға "хат" беріп жіберген.

Футбол жанкүйерлері мен сарапшылар бір жапырақ қағазда ойын тактикасының ауысқаны туралы нұсқаулық болуы мүмкін деген болжам жасады.

Аталған қызықты сәттің видеосы желіде тарап кетті.

Бұл ойын Исламханның Азия чемпиондар лигасындағы дебюттік матчы болды.

Ол доп тебетін "Аль-Айн" клубы алғашқы турдан кейін өз тобында төртінші орынға жайғасты.

Исламханның командасы ирандық клубқа есе жібергенімен, жанкүйерлердің пікірі бойынша, матчтың үздік футболшысы болып Қазақстан құрамасының капитаны танылған. Ол Азия чемпиондар лигасының алғашқы турында әріптестеріне 6 мәрте гол соғатын мүмкіндік сыйлаған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" клубына не үшін ауысқанын түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1840593-matc-kezinde-kpia-kagaz-algan-islamhan-zankjerlerin-kyzyktyryp-kojdy-video/

pixel