Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қону кезінде төтенше жағдайға тап болған жолаушы ұшақты басына көтерген

Опубликовано:

Мадридтен келген Air Europa жолаушылар лайнері "Сиара" дауылының салдарынан Амстердамдағы Схипхол әуежайына қона алмай, ұзақ жүрген. Бұған шыдамаған ұшақ жолаушысы одан әрі үрейленіп, бортта айқайға басқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблер сайтына сілтеме жасап.

Қону кезінде төтенше жағдайға тап болған жолаушы ұшақты басына көтерген
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әуе кемесінің ішінде 300 жолаушы болған. Ал қатты күшпен соққан дауыл ұшқыштарға лайнерді қондыруға мүмкіндік бермеген.

Сол себепті капитан әуе кемесін бірнеше рет ұшу-қону жолағына қондыруға тырысқан. Ұзақ уақыт өтпестен жолаушылар қобалжи бастаған. Тіпті бір әйел адам айқайға басқан.

Жолаушының шырылдаған даусын ұшақтағы жағдайды видеоға түсіріп, желіге салған жолаушылардың бірінің видеосынан естуге болады.

Әйел адам эмоциясын ұстай алмаса керек. Нәтижесінде командир ұшақты қондырудан бас тартып, Мадридке қайта оралуға шешім қабылдаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркиядағы Сабиха Гекчен әуежайына қонбақ болған Pegasus әуе компаниясы ұшағының ұшқышы лайнердің ішінде есінен танып қалғаны хабарланған еді.

Түркиялық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ұшқыш қонуға шақ қалғанда талып қалған. Екінші ұшқыш Төтенше жағдай туралы жерүсті қызметтеріне хабарлап, әуе лайнерін өздігінше қондырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840594-konu-kezinde-ttense-zagdajga-tap-bolgan-zolausy-sakta-ajkajga-basty/

pixel