Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес штабы ашылды

Опубликовано:

Мұғалімдер, зейнеткер ұстаздар, қоғамдық ұйым өкілдері кеңесіп мектепте ақша жинауға, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес штабын ашуға келістік. Штаб ашуға себеп көп болды. Пәре бар жер оңа ма?

Білім, тәрбие сапасы төмендеп, рухани азғындыққа ұшырайды. Мектептердегі оқушылардың бірін-бірі атып, пышақтап жатқаны сыбайлас жемқорлықтың нәтижесі.

Оқушыларды кінәлай алмаймыз, лауазымды үлкендер кінәлі.  Қоғамның кінәсі – жастарымыздың болашағына жете көңіл бөлмей, лауазымды басшыларға талап қоя білмеуіміздк.

Кімдер мектеп директорлары болған?"Мұғалімдер үндеуіндегі" директор болуға қойылған талаптары өте орынды. Қоғам мүшелерінің жиындарда облыстағы мектеп директорларының 95 пайызын ауыстыру керек дейтіні бекер емес.

ОҚО Бәйдібек ауданының таулы өлкесінің бір ауылында оқушы қызды зорлаған мұғалімді мектеп директоры қойған. Көкесі зор. Ол бірде оқытушы қызын тексерушіге ілестірмек болса, бірде мұғалім келіншекті зорламақ болған. Мұғалім көп жерге шағымданса да нәтиже болмаған. Бізге шағым түскен күні директоры өз еркімен қызметінен босап кеткен. Кейін директорсымақты да көрдік.

ОҚО  Түлкібас ауданы. Мұхтар Шаханов атындағы мектепте 2002 жылы мектеп директоры оқушы қызды "Неге амандаспайсың? Менің қойнымда жатып шықтың ба?" - деп, басына папкімен бір қойған. Анасы: қызыма жаман сөз айтуға аузыңыз қалай барды десе: "Сенің сегіз қызың барғой, соның бірін түртсем болмай ма?" - деп кекетіп, мұқатқан.

Прокурорға ақша жинағанЖақында, 6 мамыр күні "Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы Д.Көшімнің ұйымдастыруымен Шымкентте "Мектептегі сыбайлас жемқорлық" туралы дөңгелек үстел өтті. Сол баяғы ақша жинау, пәре, қудалаулар – өзгеріс байқалмайды.

Дөңгедек үстелде Шымкенттегі №52 мектеп басшылығы 2011 жылы 5 мамыр күні прокуротура тексерушісіне деп мұғалімдерден 500 теңгеден жиғаны туралы айтылды. "Ет сасыса тұз себеміз, тұз сасыса не себеміз..." дегендей, заңдылықты қадағалайтын прокуротураға ақша жинаса, "ақша жинайды" деп кімге шағынамыз?

Сіздер оппозиция екенсіздерМектепте қылмыстың ұлғаюына байланысты штаб жұмысын тоқтатуға әлі ерте сияқты. Біз ақпаратсыз мақсатымызға жете алмас едік: сол үшін бізге ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқан БАҚ-тарға алғысымыз мол. Облыстық әкімшілік, білім департаменті тарапынан да шағымдарды қарауда қолдау тауып келдік.

Тек Шымкент қаласы әкімі орынбасары Ж.Күздеубаевтың штаб мүшелері атынан жұмыстан кетуін талап еткенде, штаб мүшелері сотқа беріліп, көмекшім Б.Кенжеқараев соққыға жығылып, миы шайқалып ауруханаға түсті.

Көмекшімді ұрған бұзақыларды ұстадыңдарма деп, Ішкі істер бөліміне барып сол іспен айналысқан тергеушіден сұрасам "Сіздер оппозиция екенсіздер ғой" дейді. Оның түсінігінде оппозицияда болса адам емес, ұра беруге боалды екен. Содан қайтып бармадым.

Негізінде коррупциямен күресіп, әділдік жағында болғанымыз болмаса өзім мүшелеріміздің көбі партияда жоқтар.  Қиындықтар аз болмады, жала жабылып, ауыр сөздер есітіп, қорқыту-үркіту де болды.

Штабтың жетекшісі ретінде,  штаб мүшелері: қарт ұстаз Ш.Оспанов ағамызды, зейнеткер Рәш, К.Ойшиева апайды, А.Күмісбек ағамызды, О.Билалиев, Н.Шынбаев, Н.Амирова  М.Сахова. Б.Кенжеқараев, А.Батыршаев және т.б мүшелерімізді заңсыздықпен күресуші ұстаздар штабының құрылғанына 10 жыл толуымен құтықтаймын.

Біз мектеп Алланың үйі мешіттен де таза болса дейміз (артық айтсақ, Алла өзі кешірсін). Әр үйдің үміті, мемлекетіміздің болашағы балаларымыз білім-тәрбие алатын орынының тазалығы, ондағы білім сапасы халықтың бақылауынан тыс қалмауы қажет және білім саласына жаңа демократиялық принципке бағытталған шұғыл реформа да керек.

Жарқынбек Сейтінбетұлы, ОҚО мектептерінде ақша жинау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық штаб жетекшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/184060-mekteptegi-sybajlas-zhemkorlykka-karsy-kyres-shtaby-ashyldy/

pixel