Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақта телефонын шайнаған жолаушы бортсеріктердің зәресін ұшырды

Опубликовано:

Easyjet әуе компаниясының ұшқыштары мас жолаушының кесірінен ұшу бағдарын өзгертуге мәжбүр болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Twitter

44 жастағы Мэтью Флаэрти Англядан Исландияға ұшуы тиіс болған, алайда, оның орынсыз мінез-құлық танытуына байланысты рейс тоқтатылған.

Алкогольді шамадан тыс ішіп алған ол басында бортсеріктерге сес көрсетіп, оларды өлтіремін деп қорқытқан. Кейіннен өзінің ұялы телефонын тістеп, шайнай бастаған.

Бортсеріктер ер адамның әрекетінен қатты қорыққандарын жеткізді. Айтуларынша, жолаушы қалтасынан ұялы телефонын алып шығып, бөлшектерге бөлген, сол сәтте тіпті, қолын кесіп алған көрінеді.

Кейін телефонның бір бөлігін аузына салып, шайнаған. Ал батареясын орындыққа лақтырып, ол түтіндей бастаған.

Әуе кемесінің командирі ұшақтың бағытын өзгертіп, Эдинбург әуежайына қонды. Сол жерде полицейлер мас жолаушыны түсіріп алып, жергілікті учаскеге жеткізген.

Сотта ол өз кінәсін, атап айтқанда, ұшу қауіпсіздігіне нұқсан келтіргенін мойындаған. Айыпталушыға қатысты үкім наурыз айында шығарылмақ.

Айта кетейік, бұған дейін үрейге бой алдырып, ұшақта айқайға басқан жолаушы жайлы жазған едік.

Әйел адамның мұндай қадамға баруына "Сиара" дауылының салдарынан әуежайға қона алмай, ұзақ жүрген ұшақ себеп болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840603-sakta-telefonyn-sajnagan-zolausy-bortserikterdi-zresin-syrdy/

pixel