Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылтыңдай бергенді ұнатпаймын": Бейбіт Қорғанның сахнамен қош айтысқаны рас па

Опубликовано:

Соңғы кездері көпшілік назарынан тыс қалып қойған отандық танымал әнші Бейбіт Қорған өзінің сахнадан түбегейлі кеткені жайлы қауесеттерге жауап берді. Өнер иесі көптен бері ел алдына шықпай кетуінің себебін түсіндірді. Ол шоу-бизнес саласынан гөрі, отбасылық өміріне ерекше мән беретінін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әнші өзге әріптестері секілді анағұрлым ақша көп табуға ұмтылып, сахнада көп жүре бергенді ұнатпайтынын жеткізді. Ол қолынан келгенше халықтың сенімін ақтауға тырысып жатқанын айтты.

"Ешкім өмірге жаралғанда әнші болып жаралмайды ғой. Жеке өміріміз бар, бала шағамыз бар. Олардың сабағы бар. Анау бар мынау бар. Біз де ел қатарлы «тірі адам тіршілігін жасайды» деп жүрген адамдардың біріміз. Бірақ ақша қуалап, жылтыңдай бергенді ұнатпаймын өз басым. Сондықтан дүние-мүлікті қуалайтын ойым жоқ. Жалпы қолымнан келгенше халықтың сенімін ақтауға тырысып жатқандығым бар" , - деді Бейбіт Қорған.

Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Қорған шулы ән шығарып, халықты таңғалдырған болатын. Жақында ол аталмыш өлеңге бейнебаян таспалауды жоспарлап жатқанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840604-zyltydaj-bergendi-natpajmyn-bejbit-korganny-sahnamen-kos-ajtyskany-ras-pa/

pixel