RU

Тоқаев: Өзгелердің мүлкін тонағандар ешқашан халқымыздың патриоты бола алмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзгелердің мүлкін тонағандар ешқашан халқымыздың патриоты бола алмайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook

Бұл туралы ел президенті волонтерлердің "Birgemiz" республикалық фронт-кеңсесінің ресми ашылуында мәлімдеді.

"Өзгелердің мүлкін тонап, олардың өміріне қауіп төндірген азаматтар ешқашан халқымыздың патриоты бола алмайды. Мұндай адамдар - заңды өрескел бұзған қылмыскер. Олар заң алдында жауап беруі тиіс", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, елордада Қазақстан президентінің қатысуымен волонтерлердің "Birgemiz" республикалық фронт-кеңсесінің ресми ашылу шарасы өтуде.

Фронт-кеңсе бүкіл Қазақстанның волонтерлері үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту және ақпараттық орталыққа айналмақ.

Сондай-ақ, ол волонтерлік жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіру, мониторинг жасау, волонтерлікті ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты жүргізеді және бірыңғай Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырады.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздіктен 10 адам қаза болып, 30-дан аса үй мен 20-дан аса көлікке және 15 нысанға зақым келген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1840614-tokaev-zgelerdi-mlkin-tonagandar-eskasan-halkymyzdy-patrioty-bola-almajdy.html