RU

Ақтөбеде анасы мүгедек қызын туысы зорлағанын сотқа дәлелдей алмай жүр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде екінші топтағы мүгедек немере қарындасын зорлады деп күдіктелген ер адамға қатысты сотқа жолданған іс прокуратураға қайтарылды. Судьялар оқиға болған күнді нақтылауды талап етіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде ер адам мүгедек қызды зорлады деп күдіктеліп отыр

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жәбірленушінің анасы қызына көрсетілген қорлықтың екі жылға жалғасқанын дәлелдей алмай жүр.

Себебі сал ауруына шалдыққан қызы оқиға болған күнді нақты айта алмайды.

"Қызым оқиға болған күнді айта алмағаны үшін қиындықтар болып жатыр. Оның құлағы естімейді, сөйлей алмайды. Қызым видеоға түсіріп сұрағанда бәрін қимылмен көрсетті. Ол азғынға ең ауыр жаза берілсе екен. Біз туысқанымыз деп оған сендік. Ол адам келгенде қызым қатты ашуланатын. Алғашында біз оны түсінбедік. Кейін қызым бәрін көрсетті. Қазір өзімнің де мазам кетті. Қызым түнде шошып, жылайтын болып жүр. Осы іс тездетіп соңына жетсе екен", - дейді жәбірленушінің анасы.

28 жастағы мүгедек қыздың ата-анасы бүгін де сотқа келді. Қыздарына қорлық көрсеткен туыстарының ең ауыр жазамен жауапқа тартылғанын қалайды. Ол үшін қорғаушы да жалдаған.

"Іс бірінші қалалық сотқа жолданды. Судья тергеу кезінде оқиға болған күн көрсетілмегенін ескертіп, істі прокуратураға қайтарды. Сот қаулысымен келіспеген прокуратура істі апелляцияға жолдады. Бірақ сот пікірі бірінші қаулымен қалып отыр. Оқиға болған күнді нақтылауды сұрайды. Сөйлей алмайтын жәбірленушіден оны анықтау қиын", - дейді қорғаушы Бауыржан Иманов.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде "Немолчиkz" қоры Ақтөбеде ер адамның екінші топтағы мүгедек туыс қызды зорлап келгенін хабарлаған болатын.

Олардың мәліметінше, жантүршігерлік жағдай ер адам мүгедек қыздың денсаулығына қажетті емдік массажды жасаған кезде болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде анасы мүгедек қызын туысы зорлағанын сотқа дәлелдей алмай жүр
Mailfire view pixel