Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі ісікті жүктілікпен шатастырып алған келіншек аман қалды

Опубликовано:

Ұлыбритания тұрғыны Кэти Холмс алты келілік қатерлі ісікті жүктілікпен шатастырып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pxhere.com
Көрнекі сурет: pxhere.com: Facebook

Кэти Холмс 2016 жылы жанармай бекетінде түнгі ауысымда жұмыс істеп жатқанда алғаш рет жайсыздықты сезген. Жүрегі айнып, басы айналған, сондай-ақ іші қатты ауырған. Дәрігерлер оған гастроэнтерит деген диагноз қойып, дәрі-дәрмек жазып берген.

Холмс денсаулығына шағымданып, ауруханаға жиі барып тұрған. Алайда, дәрігерлер оған тек дәрі жазумен ғана шектеліпті. Кейіннен келіншек ішінің дөңгеленіп өсіп келе жатқанын байқап, жүкті болғанын болжаған.

2016 жылдың желтоқсан айында ол іші қатты ауырып, шұғыл түрде ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер бұл жолы науқасты УЗИ-ге түсіріп, оның аналық безінде алты келілік қатерлі ісікті анықтаған.

Ақ халаттылар қатерлі ісік пен бір аналық безді алып тастау үшін ота жасаған. Заманауи емдеу шараларының арқасында қатерлі ісік жасушаларының таралуына жол берілмеді.

Қазір Холмстың денсаулығы толық қалпына келген. Қауіпке қарамастан, ол 2018 жылғы сәуірде сау нәрестені дүниеге әкелген.

Айта кетейік, бұған дейін қандай өнімдердің қатерлі ісік жасушасының пайда болуына әкелетінін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840621-britanialyk-kelinsek-katerli-isikti-zktilikpen-satastyryp-algan/

pixel