Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уханьда медбикелер коронавирустан емделіп жатқан адамдарға билеп берді

Опубликовано:

Ухань қаласында коронавирусты емдеуге арналған уақытша ауруханалардың бірінде медбикелер вирус жұқтырған жандардың көңілін көтеру мақсатында билеп берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадрлар
Фото: Видеодан кадрлар: Instagram

Дүйсенбі күні қорғаныш костюмі мен көзілдірігін киіп, бетперде таққан екі медбике ауруханадағы атмосфераны өзгерту үшін қытай әуенін қосып, ортада би алаңын ұйымдастырған. Көп ұзамай оларға науқастар да қосылып кеткен.

Чэнь Сяоянь есімді медбике "Чжунсиньван" ақпараттық порталына берген сұхбатында бұл әрекетке сырқатпен күресіп жатқан адамдардың көңілін көтеру үшін барғанын айтты.

Ауруханадағы науқастар коронавирус жұқтырғанымен, дерт жеңіл түрде өтіп жатыр екен. Сондықтан физикалық жаттығулар мен би оларға тек көмек болмақ.

Ал "Фанцан" ауруханасындағы көңілді кешті видеоға түсіріп, ғаламторға жариялаған "Абу" лақап аты бар бойжеткен. Ол бейнероликті "музыка мен би адамдар жоғалтқан күлкіні кері қайтарады" деген жазбамен толықтырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚХР аумағында тараған коронавирустың жаңа түріне COVID-2019 деген ресми атау берілгенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840622-uhanda-medbikeler-koronaviruspen-auyryp-zatkan-adamdarga-bi-bilep-berdi/

pixel