Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзіңізді кедейлікке ұрындыратын қандай әдеттерден арылған дұрыс

Опубликовано:

Адам баласы кедейлік тағдырыма жазылған, материалдық жағдайымды өзгерту мүмкін емес деп ойлайды. Алайда бізді өзге емес, тек өзіміз кедей қылатынымызды бірнеше фактор бар. Осы орайда KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап, жағдайыңызды жақсарту үшін белгілі бәр әдеттерден арылуды ұсынады.

Сіз бен бізді кедейлікке апаратын қандай әдеттерден арылу керек
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Өзімізге ақша жұмсамау

Сапалы сөмке сатып алудан өзіңізді қанша рет тыйдыңыз? Үнемі арзан косметика қолданасыз ба? Қымбат киімді соңғы рет қашан алғаныңыз есіңізде ме?

Сіз кедей адам сияқты ойланасыз. Арзан киім ала бергенше ақшаңызды жинап, сапалысын алыңыз. Тек сапалы, бағалы дүниелерді алуды әдетке айналдырсаңыз, өзіңіздің ең жақсыға лайықты екеніңізді түсінесіз.

Өз өзіңізге сенбеу

Ай сайын көп ақша табатыныңызға сенбеу - дұрыс емес! Айналаңызда сізге лайықты вакансиялар өте көп. Жақсы жұмысқа орналасып, табысыңызды еселеуге болады. Өзге адамдардың тәжірибесін меңгеріп, молшылықта өмір сүру үшін идеяларыңызды жүзеге асырыңыз.

Қызғаныш

Қызғаныш - өте нашар мінез. Тек кедей адам ғана өзінен бақуаттырақ адамды көре алмайды. Бұл сезімге көптеген күш пен энергия кетеді. Сондықтан, өзгенің жетістігіне тамсанудың орнына өз өміріңізді жақсартудың жолдарын ойлаңыз.

Тек арзан әрі акциядағы заттарды сатып алу

Табысы төмен адамдар қажеті болмаса да акциядағы заттарды сатып алуға құмар келеді. Оның орнына қымбатырақ, сізге нақты керекті затты сатып алғаныңыз дұрыс. Дүкендердегі науқандар - маркетологтардың айласы.

Ақша жоқ болып қалғанда байбалам салу

Адамдар әмияны босағанын көргенде байбалам сала бастайды. Сабыр сақтап, ақша табудың басқа да жолдарын іздеңіз. Әр жалақыңыздан міндетті түрде ақша жинап отырыңыз. Тек қаржыны оқыс оқиға үшін деп жинамауды ескертеміз! Өйткені дәл осылай жинағандар шынымен де қаралы күнге тап болып жатады.

Еске сала кетсек, бұған дейін жағымсыз әдеттердің бізге тигізер пайдасы жөнінде жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840635-ziizdi-kedejlikke-ryndyratyn-kandaj-detterden-arylgan-drys/

pixel