RU

Түркістанда такси жүргізушісін шанышқымен жарақаттаған азамат ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістанда такси жүргізушісіне тиісіп, көлігін айдап кеткен жолаушылар ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ernur.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Ernur.kz

Көрнекі фото: Ernur.kz

Түркістан қаласында такси жүргізушісі таңғы сағат 07:15-терде белгісіз 2 азамат телефон арқылы такси шақырған соң өз автокөлігімен барған.

Көлікке отырған 2 жолаушының бірі мас халде болып,жүргізушіге тиісе бастаған. Артынша ол қалтасынан шанышқы шығарып, темір тұлпар иесінің бетіне жарақат салады.

Таксист жолаушылардан сескеніп, көліктен бірден түсіп қалады. Ал тиіскен мас жолаушы көлікті айдап кетеді.

"Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 200-бабы "Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша тіркелді. Полицейлердің шұғыл әрекеті нәтижесінде 30 минут ішінде жол бойынан жәбірленушінің көлігі, одан ары күдіктілер ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілердің екеуі де жергілікті тұрғындар болып шықты. Күдіктінің бірі қамауға алынып, екіншісі қолхатпен босатылған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Белоруссияның астанасы Минск қаласында қазақстандық азаматтың қатысуымен қызықты жағдай болды. Нұрсұлтан есімді жас жігітті жергілікті таксист Қытай азаматы деп ойлап, көлігіне отырғызбай қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістанда такси жүргізушісін шанышқымен жарақаттаған азамат ұсталды
Mailfire view pixel