Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында өртеніп кеткен пәтерден 3 адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

Ақмола облысының Атбасар ауданында өртенген пәтерден 3 адамның мәйіті табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпанның 11 күні 21:54-те Атбасар қаласындағы 4-ші өрт сөндіру құтқару бөліміне Покровка селолық округінің әкімі хабарласып, ауылдағы тұрғын үйде өрт болғанын айтқан.

"Оқиға орнына Атбасар қаласындағы 4-ші өрт сөндіру құтқару бөлімінің жеке құрамынан 8 адам және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртенген пәтердің ішінен 1973 жəне 1978 жылғы екі ересек пен 2016 жылғы баланың мәйіті табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда", - деді ведомство.

Еске сала кетсек, бүгін Екібастұзда пәтер өртеніп, 80 жастағы қарт анасы мен 1975 жылы туған баласының мерт болғаны хабарланды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. Ауыл тұрғындары даладан әйелдің өртенген мәйітін тапқан. Ресми ақпаратқа қарағанда, әйелдің денесі Новая Дубовка ауылынан екі шақырым қашықтықта табылған. Мәйіт толығымен өртенбеген. Тергеушілер әйелдің Абай ауданының 42 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1840645-akmola-oblysynda-rtenip-ketken-pterden-3-adamny-mjiti-tabyldy/

pixel