RU
Көлгінов елорданы қардан өзі тазалағанын неге жасырып қалғанын айтты

Көлгінов елорданы қардан өзі тазалағанын неге жасырып қалғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Елорда әкімі бүгін Нұр-Сұлтанда есеп беру кездесуін өткізді. Көлгіновтен қаланың қар мәселесін, әліге дейін алынбай тұрған төтенше жағдай режимі туралы сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

алтай

Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Журналистер Алтай Көлгіновтен неге қар қалың жауып, қатты боран болған сәтте қолына күрек алып шықпағанын сұраған.

Әкімның айтуынша, ол елорданы қардан тазартуға көмектескен, алайда көпшілік мұны жарнама деп қабылдайтындықтан, жарияламапты.

Нұр-Сұлтаннан әлі күнге дейін алынбаған төтенше жағдайға қатысты Көлгінов байбалам салудың қажеті жоқ деп жауап берді. Оның сөзінше, енгізілген режим қалаға керек болады, өйткені қардың арты тасқынға ұласуы мүмкін.

Осылайша астана қардан толығымен тазартылмайынша, төтенше жағдай режимі сақталады.

Еске сала кетск, ауа райының күрт нашарлауына байланысты 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай режимі жарияланған еді.

Сол кезде астана әкімдігі төтенше жағдай енгізілгенін растап, оны ұзарту немесе алып тастау туралы шешім ауа райына байланысты қабылданатынын хабарлаған.

Қатты боран мен қардың қалың түсуі салдарынан мектептерде сабақтар тоқтатылып, билік өкілдері жұмыс берушілерге жұмыс уақытын қысқартуды ұсынған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel