Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында аязда қалған жандарға ешбір жүргізуші көмектеспеген (фото, видео)

Опубликовано:

Жақында Павлодар облысында 19 Өзбекстан азаматы бар микроавтобус бұзылып, жолда қалды. Олар бірнеше сағат бойы жолдағы өзге жолаушылардан көмек сұраған. Алайда бірде-бір жүргізуші қол ұшын созуға ниет танытпаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: polisia.kz
Кадрлар: polisia.kz: Facebook

Белгілі болғандай, Сарыағаштан Ресейдің Новосібір қаласына бағыт алған микроавтобус дөңгелегінің дискі сынған. Оқиға 11 ақпан күні "Қызылорда-Павлодар" автожолының 204-шақырымында болған деп хабарлайды Polisia.kz

Ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеген. Абырой болғанда, Павлодар облысы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Арман Ғинаятов пен Төлеубай Құдайбергенов жол жиегінде тұрып қалған шағын автобусты байқап, көмекке келген.

"Біз 10 ақпан күні "Сарыағаш – Новосибирск" бағыты бойынша жолға шыққан едік. Алайда, көліктің ақауына байланысты жолда тұрып қалдық. Менде машина көтергіш, домкрат болған жоқ.

Екі сағаттан астам уақыт тұрып, көмек сұрадық, бірақ жүргізушілердің ешқайсысы тоқтаған жоқ. Ешқандай жүргізуші ықылас танытпады.

Сағат 13.30 шамасында бізге полиция қызметкерлері Арман мен Төлеубай келді. Осы уақытқа аралығында жолаушылар тоңып қалды", – дейді көлік жүргізушісі Нұрлан Жолдыбаев.

Тәртіп сақшылары жарты сағат ішінде көлікті жөндеуге көмектескен.

"Біз полиция қызметкері Арман Гинаятов пен Төлеубай Құдайбергеновке көрсеткен көмектері үшін алғыс айтамыз. Осындай сәттерде, қуанышымызға орай, көмекке әрдайым полицейлер келеді. Осындай азамат тәрбиелеген ата-анасына алғыс айтамыз", – деп ризашылығын жеткізді жолаушы Ильдар Хамитов.

Өз кезегінде, полицейлер жүргізушілерге алыс сапардың алдында, әсіресе жолаушыларды тасымалдау кезінде, қозғалтқыштардың, аккумуляторлардың, жарық құралдарының жұмысын, барлық қажетті қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандардың бар-жоғын мұқият тексеру қажеттігін ескертеді.

Төтенше жағдай туындаған кезде “102” немесе “112” нөмірлеріне қоңырау шалуға кеңес береді.

Еске сала кетейік, Жамбыл обысы Жуалы ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы-Ташкент" жол учаскесінде қар құрсауында қалған 26 автокөлік шығарылып, 140 адам эвакуацияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840653-pavlodar-oblysynda-aazda-kalgan-zandarga-esbir-zrgizusi-kmektespegen-foto-video/

pixel