RU
Рекорд: Ұшақ дауылдың "көмегімен" діттеген жеріне екі сағат бұрын жетіп алды

Ұшақ қатты дауылдың "көмегімен" діттеген жеріне екі сағат бұрын жетіп алды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-Англия бағытындағы рейсті орындаған British Airways әуекомпаниясының жолаушылар лайнері рекордты уақытта ұшып келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблер сайтына сілтеме жасап.

Ұшақ қатты дауылдың әсерінен керекті жеріне екі сағат бұрын жетіп алған

Көрнекі фото: pixabay.com

9 ақпан күні ұшақ Нью-Йорктен Лондонға 4 сағат 56 минутта ұшып келген әуе кемесі рекордты ұшу уақытын орындаған.

Бұған дейінгі рекордты уақыт 5 сағат 13 минутты құраған екен.

Ал ұшақтың жалпы орташа ұшу уақыты 6 сағат 13 минут болған.

Лайнердің қысқа уақытта жоспарланған жеріне жетуіне "Киара" дауылының себепші болғаны анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркиядағы Сабиха Гекчен әуежайына қонбақ болған Pegasus әуе компаниясы ұшағының ұшқышы лайнердің ішінде есінен танып қалғаны хабарланған еді.

Түркиялық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ұшқыш қонуға шақ қалғанда талып қалған. Екінші ұшқыш Төтенше жағдай туралы жерүсті қызметтеріне хабарлап, әуе лайнерін өздігінше қондырған.

Ал бүгін Мадридтен келген Air Europa жолаушылар лайнері "Киара" дауылының салдарынан Амстердамдағы Схипхол әуежайына қона алмай, ұзақ жүргені хабарланды.

Қатты күшпен соққан дауыл ұшқыштарға лайнерді қондыруға мүмкіндік бермеген. Бұл жайт жолаушылардың зәре-құтын қашырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel