Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ХАТУ экс-ректорына қатысты іс: Прокурор ұрланған ақшаның қайда жұмсалғанын айтты

Опубликовано:

Алматыда бір жарым миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталған ХАТУ-дың бұрынғы ректоры мен бас бухгалтеріне қатысты сот ісі жалғасып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

муиттт
Дамир Шыныбеков. Фото: vecher.kz: Twitter

Бұған дейін сот тыңдалымы барысында студенттерге студенттерге стипендия төлеуге арналған қаражат басқа мақсаттарға жұмсалғаны белгілі болды. Тергеу нұсқасына сәйкес, ұрланған ақшаға қымбат көлік пен жылжымайтын мүлік сатып алынған.

Прокурор соңғы отырыста айыптау актін оқыды. Тергеуге сүйенсек, Шыныбеков жеті жыл бұрын Спабековамен жемқорлық қылмыс жөнінде келіскен. Прокурордың айтуынша, бухгалтерия басшысы университет транзиттік болғандықтан, БҒМ бөлген қаражат қаржы-шаруашылық қызметінде көрінбейтіндігін анықтаған деп жазады Tengrinews.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2013 жылы БҒМ-дан университет шотына 284 миллион теңге аударылған. Қаржы стипендия төлеу үшін бөлінген, алайда осы соманың 102 млн теңгесі қолданылмаған. Ал Спабекова болса мұны құжатта көрсетпеген.

Прокурордың сөзінше, ұрланған қаражаттар жалған келісім-шарттың көмегімен әртүрлі кәсіпорындар арқылы шығарылып отырған. Жалпы, айыптаушылардың мәлімдеуінше, айыпталушылар БҒМ 2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін университеттің есеп шотына аударған 10 миллиард теңгенің 1 727 000 000 теңгесін ұрлаған.

"Спабекованың рөлі стипендиялық қордың жыл сайынғы қажеттіліктері туралы жалған ақпарат дайындау болды. Ол сонымен қатар бюджеттік ақшаны толық игермеуі және ақшаны қолма-қол алу мақсатында жалған келісімдер жасайтын кәсіпорындар іздеуі керек болған. Шыныбековтің рөлі стипендиялық қордың жыл сайынғы қажеттіліктері туралы жалған ақпаратқа қол қою болды", - деді прокурор М

Сондай-ақ прокурор Спабекованың ұрланған қаражатты қайда жұмсағанын да айтып берген.

2013 жылдан бастап ол элиталы пәтерлер, үш үй, жер, люкс көліктер мен ЖШС ашып, сол арқылы ақша шығарған. Айта кету керек, ол сатып алғандарының көбісін ұлының атына рәсімдеген.

Айта кетсек, бұған дейін Спабекованың өз кінәсін толығымен мойындағаны, ал бұрынғы ректор жарым-жартылай мойындағаны хабарланған. Шыныбеков өз міндеттеріне салғырт қарағанымен келісіп, ақша ұрлағанын мойындамаған.

Еске сала кетейік, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков қаржыны иемдену немесе талан-таражға салу күдігі бойынша қамауға алынған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840672-hatu-eks-rektoryna-katysty-is-prokuror-rlangan-aksany-kajda-zmsalganyn-ajtty/

pixel