Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Браво, маэстро!": Талантты баянист өз кешінде көрерменді таңдай қақтырды (видео)

Опубликовано:

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы, Халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты, әлем кубогінің иегері, талантты баянист Ғалымжан Нарымбетов Алматыда жеке кешін өткізіп, музыка сүйер қауымды ерекше өнерімен тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

баяна
Ғалымжан Нарымбетов. Фото: Жеке мұрағат: Original

Италия, Франция, Ресейде өткен өнер байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы Ғалымжан өзінің концертін Абайдың 175 жылдығына арнаған.

Жиналған жұртты таңдай қақтырған тамаша кеш туралы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының қызметкері, жас әнші Самал Жанатқызы өз парақшасында жазды.

"Абайдың 175 жылдық мерейтойы рухани жан азығын іздегендер үшін жақсы себеп болды. Әдетте, Алматының қарбалас күйбеңі, сынаптай сырғыған уақыты мойын бұрғызбайды ғой. Ал Абайдың аты аталған іс-шараларға бармаса болмайтындай міндетті ме, қалай? Кеше де солай болды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен залында виртуоз-баянист Ғалымжан Нарымбетовтің жеке концерті өтті. Ұлы Абайға арналған.

Бахтан бастап, Черников, Макконен, Гальяно, Пьяцолланың шығармалары орындалды, тіпті, халық күйі "Телқоңырдың" Ықыластың "Ерден" күйін, баян аспабында тыңдау әсерлі әрі қызықты болды.

Екі сағатқа созылған музыка кеші, шын мәнісінде, фестивальдан кем түспеді. Бес жүзге жуық көрермен дамылсыз қол соқты. Бұл - нағыз музыка!

Әсіресе фортепиано, қобыз, домбыра мен баянның үні тоғысқан күй тартыс маған ерекше әсер етті! Қазақтың жігіттері нағыз музыканы көрсетті! Оны тек көру керек! Рақмет, бұл - нағыз Абайдың тойы.

Ғалымжан, баянның бар мүмкіндігін көрсеттің. Браво, маэстро! ", - деп жазды Самал концерттен алған әсерімен бөлісіп.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840677-bravo-maestro-talantty-baanist-z-kesinde-krermendi-tadaj-kaktyrdy-video/

pixel