RU
"Әкімдер ауысады, мәселе шешілмейді": Елорда тұрғыны әкімдік өкіліне шүйлікті

"Әкімдер ауысады, мәселе шешілмейді": Елорда тұрғыны әкімдік өкіліне шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Елорда тұрғыны әкіммен кездесу кезінде Сары-Арқа даңғылын салып бітіруді өтінді. Оның айтуынша, бұл мәселе он жылдан бері шешілмей келеді. Осы уақыт аралығында бірнеше әкім ауысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

астаналық

Алтай Көлгінов. Фото: astana.gov.kz

Дина есімді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Бөгенбай көшесінен Мәскеу көшесінде дейінгі жол учаскесінің құрылысы мәселесіне 10 жылдан асқанын атап өтті. Әр жаңа қала басшысы құрылысты аяқтамастан, бір-біріне "мұраға" беріп отырады екен.

Астаналық әйелдің айтуынша, "Сары-Арқа" ауданының әкіміне де жүгінген, алайда оған, неге екені белгісіз, Дүкенұлы көшесіндегі құрылыс жайлы айтқан.

Алдыңғы жылы әкіммен кездескенде, келіншек бұл мәселеге мүлдем қатысы жоқ, басқа - Күмісбеков даңғылын салуды жоспарлап жатқандығы туралы жауап естіген.

Енді ол өз сауалына жауапты тікелей елорда әкімі Алтай Көлгіновтен алуға бекініпті.

Қала басшысының аталған жағдайдан хабары бар болып шықты.

Бұл сұраққа әкімдік қызметкері жауап берген. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қала билігі жолдың осы учаскесінде салынатын тұрғын үйді бұзуға қатысты техникалық қорытынды шығаруда.

Осы жобаны жүзеге асыру үшін қанша қаражат қажет болатыны осы аталған жұмыс атқарылғаннан кейін белгілі болады. Әкімдіктегілер оны 15-20 күнде аяқтамақ ниетте.

Алайда Дина өкілдің жауабына қанағаттанбағандықтан, оған бірден қарсы жауап айтты.

"Біз мұны бірнеше жылдан бері естіп келеміз. Қанша ақша бөлінеді және олар қалай игерілуде? Күмісбековте ме, Дүкенұлында ма?.. Бұл көшелер Сары-Арқа даңғылынан кейін пайда болды. Әлде онда ерекше адамдар тұра ма?
"Махаббат" тұрғын-үй кешенінің тұрғындарына неге мұндай қатынас жасалған? Мұнда лайықсыз адамдар тұра ма? Біз осы ен далада өмір сүруіміз керек пе? Сары-Арқа 1998 жылдан бастап салынуы керек еді", - деді Дина.

Қала басшысы тұрғынға ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

"Барлық тұрғындар лайықты. Мәселе өте көп. Орман зауытын көріп тұрсыздар... Біз үшін барлық аудан бірдей. Сол себепті, біз сізге нақты мерзімін айтайық. Аудан әкімімен бірге шығамыз. БАҚ арқылы немесе егер қаласаңыз аудан әкімі жеке сізді хабардар етеді. Жақсы ма?", - деді Көлгінов.

Еске сала кетсек, бүгін астана басшысының есеп беру кездесуінде көшені қардан таазлаушы әйел халыққа жанайқайын жеткізген еді. Ол көпшіліктен өздерінің еңбегін бағалауды сұраған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel