RU
355 келіні бағындырған Илья Ильин чемпион атанды

355 келіні бағындырған Илья Ильин чемпион атанды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық зілтерімші Илья Ильин Ташкентте өтіп жатқан халықаралық чемпионатында жеңіске жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/ilyailyinforever

Фото: Instagram/ilyailyinforever

Қазақстандық спортшы 102 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Қоссайыс нәтижесі бойынша Илья Ильин 355 келіні (160+195) бағындырған.

Отандық ауыр атлеттің қарсыласы катарлық Фарес Ельбах екінші орынды еншіледі.

Үздік үштікті Өзбекстан өкілі Омарбек Шохназаров түйіндеді (341 келі).

Одан бөлек, Ташкентте өтіп жатқан жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан командасының мүшесі Игорь Сон алтын жүлдегер атанған болатын.

61 келіде өнер көрсеткен ол жұлқа көтеруде 130 келіні, серпе көтеруде 156 келіні еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 286 келіні бағындырған.

Еске сала кетесек, бұған дейін қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың 2009 жылғы әлем чемпионы атағынан және басқа да жүлделерінен айырылғанын хабарланған еді.

Спортшының жүлделерінен айырылуына допинг дауы себеп болған.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешіміне сәйкес Седов 2008-2016 жылдар аралығында қол жеткізген барлық жүлделерін қайтаруы тиіс.

Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев күрес, бокс, ауыр атлетика бойынша өткен әлем чемпионаттарында Қазақстан құрмасының нәтижелері көңіл көніштерлік емес екенін айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel