Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер салғырттығынан ВИЧ жұқтырған балалардың қазіргі өмірі қандай (видео)

Опубликовано:

Шымкентте дәрігерлердің кесірінен балалардың жаппай АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтыру оқиғасынан бері 13 жыл өтті. 2006 жылы 149 кішкентай қазақстандықтың тағдыры түбегейлі өзгерді. Жасөспірімдердің қазір қалай тұрып жатқаны туралы деректі фильм түсірілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

виччч
Бауыржан және Аяулым. Фото: Salem social media: UGC

Картинаны Salem Social Media командасы түсірген. Инфекция жұқтырғандардың ішінен тек екі бала ғана өздерінің жағдайы туралы еш қорықпай айтып беріпті.

Фильмде Бауыржан мен Аяулымның өмірі көрсетілген. Олар қатып қалған қағидаларды өзгерткілері келеді. Жас шымкенттіктер осы бағытта белсенді жұмыс істеп, бір орнында отырмайды.

Жастар өздерінің қатарластарына АИТВ-ның қауіптілігін айту үшін Asian teens тобын құрған. Олардың бастамаларын ата-аналары да қолдаған.

"Мен мұның соншалықты қорқынышты емес екенін түсінген кезде сабырға келіп, қорыққан жоқпын. Сол кезде мен барлық адамдар секілді екенімді түсіндім", - деді Аяулым.
виччч
Аяулым. Фото: Salem social media: UGC

Бауыржанның сыныптасының сөзінше, олардың сыныбы өте тату. Үзеңгілестерінің жағдайын білген кезде олар бірден қолдап, қабылдаған.

виччч
Бауыржан. Фото: Salem social media: UGC
"Балалардың АИТВ-ны жаппай жұқтырғаны туралы алғашқы қауесет 2006 жылдың маусымында шыққан. Менде Бауыржан және Аружан есімді егіздер. Біз 2006 жылдың ақпанында ауруханаға түстік.

Бауыржан үш күн бойы бронхитпен жансақтау бөлімінде, Аружан суық тиюмен нәрестелер бөлімінде жатты. Біз онда шамамен 7 күндей жаттық. Емделіп шықтық.

Кейінірек қана Шымкентте нәрестелердің АИТВ жұқтырып жатқаны туралы қауесет тарады", - деді жігіттің анасы Әлия Масаурова.
виччч
Видеодан кадр: Salem social media: UGC

Ал әкесі Қанат Әлсейітовтың айтуынша, олардың үлкен жоспарлары болған, алайда бәрі бір сәтте өзгерген.

"АИТВ біздің отбасыға кірген кезде мұны қабылдау бізге өте қиын болды. "Неге дәл біз" деген ойлар болды", - деді ер адам.

Ал Бауыржанның өзі бұл дерттің толыққанды өмір сүруге еш кедергі келтірмеуі керек екенін айтты.

виччч
Видеодан кадр: Salem social media: UGC

Сондай-ақ Аяулымның сөзінше, оның күні кәдімгі балалар секілді басталады. Ол мектепке барады. Биге, ағылшын курсына қатысады. Фитнеске барып, жаттығады. Сонымен қатар әр күнін кітапханада өткізеді.

Қыздың анасы Айжан Әлтаеваның айтуынша, қорқынышты жаңалықты естіген кезде баласы небәрі 1,5 жаста болған.

"Біздің толыққанды отбасымыз болды, бірақ бір сәтте бәрі өзгерді. Күйеуім кетті. Ол туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Қорқып кеткен болар. Ол бізден бірден кетіп қалды. Оның қалай анализ тапсырып, нәтижесі теріс болғанын көрдік. Ол ауруханада-ақ бізге жолаған жоқ", - деді Айжан.
виччч
Видеодан кадр: Salem social media: UGC

Инфекция жұқтырған балалардың көпшілігі қазір жасөспірімдер. Олардың көпшілігі терапия алады. Дәрі-дәрмектерді өмір бойы бір уақытта, күн сайын қабылдау керек.

Фильм продюсерлерінің сөзінше, олар жағдайды жақсы жаққа қарай өзгертуге талпынып жүрген жастардың өмірін көрсеткісі келген.

Картина трагедияның болашақта қайталанбауы үшін оны еске түсіруге арналып түсірілген.

Еске сала кетсек, Шымкенттегі ауруханалардың бірінде қан құю кезінде 149 бала ВИЧ дертін жұқтырған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840695-drigerler-salgyrttygynan-vic-zktyrgan-balalardy-kazirgi-miri-kandaj-video/

pixel