Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдай сізді қорғасын": Жамбылдықтар Мырзахметовпен қимай қоштасты

Опубликовано:

Жамбыл облысының тұрғындары жақында ғана қызметінен кеткен Асқар Мырзахметовпен қоштасты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2к3ма
Асқар Мырзахметов. Фото: Facebook: UGC

Тұрғындар, көбінесе әйелдер бұрынғы әкімге қолдау көрсету үшін жиналған.

"Мәселелер мен сұрақтар ешқашан бітпейді. Бүгін проблема туралы айтпай-ақ қояйық. Біздің келуіміздің басты себебі - сізге өз алғысымызды білдіргіміз келеді", -деді тұрғындардың бірі.

Мырзахметовтың жұмысын ескеріп, онымен қимай қоштасуға келгендер арасында 71 жастағы әжей де бар.

Тұрғындардың айтуынша, Асқар Мырзахметов әкім болған тұста көптеген мәселелер шешімін тапқан.

"Біз әрқашан сіз үшін қуаныштымыз. Біз сізге ризамыз. Құдай сізді және сіздің жақындарыңызды қорғасын. Бізге сізбен қоштасу ауыр. Табыс тілеймін. Сізді Құдай жарылқасын", - деді тұрғын.

Қоштасуға келген тағы бір жалғызбасты, көпбалалы келіншек әкімнің арқасында жатақханадан бөлме алғанын айтып, әкімге алғысын жаудырды.

Өз кезегінде Мырзахметов мемлекеттік қызметкер үшін халықтың алғысынан артық ештеңе жоқ деп жауап берген.

"Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Өз алғыстарыңызды білдіру үшін бәріңіздің бүгін осында жиналғандарыңызға қуаныштымын. Мені қолдауға келдіңіздер. Бұл мен үшін ең жоғарғы баға, мен өте қуаныштымын", - деді бұрынғы әкім.

Еске сала кетсек, 7 ақпанда Қордайда болған жаппай тәртіпсіздіктен кейін Асқар Мырзахметов облыс әкімі қызметінен босатылған еді.

Оның орнына Жамбыл облысына Бердібек Сапарбаев басшылыққа келді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840704-kdaj-sizdi-korgasyn-zambyldyktar-myrzahmetovpen-kimaj-kostasty/

pixel