RU

Тоқаев мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде Атамқұловқа тапсырма берді

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда: Depositphotos

Мемлекет басшысына "Нұрлы жер", "Нұрлы жол" және Индустрияландыру бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды.  

Кездесу барысында тұрғын үй құрылысына, соның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлік саласын дамыту, автомобиль жолдарын қайта жөндеу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Тоқаев мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде Атамқұловқа тапсырма берді