Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уханьда коронавирустан емделіп жатқандарға білікті қазақ дәрігері "Қара жорға" билеп берді (видео)

Опубликовано:

Бұған дейін желіде Уханьдағы дәрігерлердің коронавирустан емделеп жатқан жандарға қолдау көрсету мақсатында билеп берген сәті әлемдік БАҚ беттерінде тараған еді. Белгілі болғандай, медицина қызметкерлерінің арасында тәжірибелі қазақ дәрігері де бар болып шықты. Ол науқастарға "Қара жорға" биін билеп берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos

Аурухана дәлізінің қақ ортасында "Қара жорға" биін билеген дәрігердің есімі – Бахаргүл Бүдәш. 35 жастағы қандасымыз сегіз жылдан астам хирург болып жұмыс істейді екен.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне дәрігердің құрбысы айтып берген және оның билеген сәтінен видеоны жолдаған.

"Өте мықты дәрігер-хирург. Қытай әр аймақтан білікті дәрігерлерді жинап, Уханьдағы ауруханаларға жіберген. Арасында осы кісі де бар", - дейді Бахаргүл Бүдәштің досы.

Әйел адамның айтуынша, ақ халаттылар аурудан қажып, ұнжырғасы түскен пациенттердің көңіл-күйін көтермек болған. Осылайша, әр ұлттың ән-биін қойып, шағын концерт ұйымдастырған.

Анықталғандай он шақты ұлт өкілі би билеген. Ал қазақтың атынан Бахаргүл Бүдәш шығып, "Қара жорға" биін билеп берген.

Айта кетейік, бұған дейін Ухань қаласының Фан Цан ауруханасында коронавирустан емделіп жатқан адамдардың көңілін көтеру мақсатында дәрігерлердің би алаңын ұйымдастырғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840744-uhanda-koronavirustan-emdelip-zatkandarga-bilikti-kazak-drigeri-kara-zorga-bilep-berdi-video/

pixel