Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде әйелдерін ұратын ер азаматтарды көше тазалауға жіберу ұсынылды

Опубликовано:

Қазақстанда әйел адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған жол картасы дайындалды. Құжат нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін арттыруды көздейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы төрайымының айтуынша, отбасында зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел адамдар өздерінің денсаулығына ғана емес, сондай-ақ психикасына қатысты проблемаларға тап болады.

Ұйым жазаның бір түрі ретінде жұбайларына қол көтеретін ер азаматтарды көше жұмысына жегуді ұсынды. Осылайша, әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тойтарыс бермек.

Телеарнаның мәліметінше, елімізде әйелдер қауымы ел тұрғындарының 52 пайызын құрайды.

Өткен жылы "Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы" Алматыда әлеуметтік зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде, қыз-келіншектердің зорлық-зомбылыққа жиі ұшырайтыны және ең төменгі жалақы алатыны анықталған.

"Алматыда әлеуметтік сауалнама жүргізіп біраз ақпарат жинадық. Алдымен әйелдерге қиын жағдайда құқықтық көмек көрсететін байланыс орталығын құрмақпыз. Арнайы портал іске қосылады. Кәсіпкерлікті дамытуға да басымдық берілмек", - дейді "Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы" төрайымы Раушан Сәрсембаева.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша заңға енгізіліген түзетулер қызу талқыға түскен болатын.

Нақты айтқанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1, 73-2 баптардағы айыппұл түрлері ескерту берумен алмастырылған. Егер екінші отбсындағы "дебоширдің" әрекеті екінші рет қайтланса, ол 20 тәулікке дейін қамауға алынады. ІІМ мәліметінше, барлығы нақты істің мән-жайына байланысты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840748-elimizde-jelderin-ratyn-er-azamattardy-kse-tazalauga-ziberu-synyldy/

pixel