Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хубэй провинциясында коронавирустан бір тәулікте 200 адам көз жұмған

Опубликовано:

Қытайда пневмонияның жаңа түрінен қайтыс болғандар саны артуда. ҚХР билігінің мәлімдеуінше, коронавирустан тек Хубэй провинциясының өзінде 1310 науқас көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

вирус
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қытайда күн сайын коронавирустан көз жұмғандар саны артып жатыр. Өткен тәулікте шамамен 200 адам қайтыс болған.

ҚХР денсаулық сақтау комитетінің ақпарына сәйкес, коронавирус жалпы 1310 адамның өмірін жалмаған. Бұл деректер жаңа пневмонияның ошағы болған Хубэй провинциясында ғана тіркелген деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ аспан асты елінің мәліметінше, вирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 48,2 мыңға артқан. Аталмыш дерттен айығып, ауруханалардан шыққандар саны 3341 адам.

Одан бөлек, хабарламада қазіргі уақытта 33 мың науқастың ем-дом алып жатқаны, 5647 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отырғаны да айтылған.

Айта кету керек, вирустың жаңа түрін жұқтырғандар АҚШ аумағында да көбейген. Қазіргі уақытта бұл індетке 13 адам шалдыққан.

Еске сала кетсек, күні кеше қауіпті вирустан 1016 адамның көз жұмғаны хабарланған. Сондай-ақ, қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны 42,5 мыңнан асқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1840751-hubej-provinciasynda-koronavirustan-bir-tulikte-200-adam-kz-zmgan/

pixel