Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

24 жастағы танымал кәріс актрисасы қайтыс болды

Опубликовано:

Танымал кәріс актрисасы Го Су Юнг 24 жасында өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ msn.com-ға сілтеме жасап.

актрис
Го Су Юнг. Фото: instagram.com/storyjcompany: Facebook

Дереккөздерге сүйенсек, Го Су Юнг көптен бері ауырып жүрген. Алайда оның нақты қандай дертпен күрескені белгісіз.

"Бірнеше күн бұрын Го Су Юнг бұл әлеммен қоштасып, аспандағы жарық жұлдыздардың біріне айналды", - делінген Story J Company агенттігінің хабарламасында.

Актрисаның жерлеу рәсімі 9 ақпанда өтсе де, қайғылы жағдай туралы хабар енді ғана тараған.

Го Су Юнг 1995 жылдың 24 сәуірінде дүниеге келген. Ол "Гоблин" (2016 жыл) кәріс фэнтези-телехикасындағы және "Соломанның жалған куәлігі" триллеріндегі рөлінінен кейін танымалдылыққа ие болған.

Сондай-ақ, Су Юнг 2017 жылы "BTS" k-pop тобының "With Seoul" атты бейнебаянына түскен.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында 25 жастағы кореялық актриса әрі k-pop топтың бұрынғы өкілі Соллидің қайтыс болғаны туралы хабар тараған еді.

Соллидің денесі Оңтүстік Кореяның Соннам қаласындағы өнер иесінің пәтерінен табылған. Актрисаның нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Полицияның дерегінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840757-24-zastagy-tanymal-kris-aktrisasy-kajtys-boldy/

pixel