Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапониялық қария әлемдегі ең қарт адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді (фото)

Опубликовано:

Қазір жасы 112-дегі жапондық қария Читецу Ватанабе әлемнің ең қарт тұрғыны ретінде Гиннестің рекордтар кітабынан арнайы сертификат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Фото: kyodonews
Фото: kyodonews: Instagram

Бұл туралы мәліметті кеше, сәрсенбі күні Киодо агенттігі таратты.

Ватанабэ өзі тұратын Ниигата қарттар үйінде Гиннестің рекордтар кітабынан "әлемдегі ең қарт адам" деген сертификат алған.

Бір ғасырдан астам уақыт өмір сүрген қария 1907 жылы 5 наурызда шаруа отбасында дүниеге келген.

Ол 20 жасында Тайваньға көшіп кетіп, 18 жылдан соң отанына қайта оралған.

Жапониялық қартқа дейін әлемдегі ең ұзақ өмір сүрген адам Хоккайдо аралының тұрғыны Масадзо Нонака болған.

Ол 2019 жылдың 20 қаңтарында 113 жасында өмірден өтті.

Белгілі болғандай, Жапонияда 80 жастан көп өмір сүрген адамдар саны 2015 жылы 10 миллион адамнан асқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тәжікстанда үш ғасырды көрген Фотима Мирзокулова әжейдің 127 жасында өмірден өткенін жазған болатынбыз.

1893 жыл Соғды облысында дүниеге келген әжей бес қыз бен үш ұл баланы өірге әкеліп, олардан 200-ге жуық немере, шөбере және шөпшек көрген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840763-zaponialyk-karia-lemdegi-kart-adam-retinde-ginnesti-rekordtar-kitabyna-endi/

pixel