Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәңгілік чемпионсың": Қонарова алтын жеңіп алған Ильинге жүрекжарды жазба арнады

Опубликовано:

Отандық танымал продюсер Алуа Қонарова халықаралық чемпионатта алтын қанжылаған зілтемірші Илья Ильин жайлы жазба жариялады. Шоу-бизнес өкілі спортшының жетістіктерінен бөлек, оның қарапайымдылығы мен адамгершілігіне тәнті екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aluakonarova/ilyailyinforever. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aluakonarova/ilyailyinforever. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қонарова аталмыш жазбамен Instagram парақшасында бөліскен. Онда белгілі продюсер допинг дауына тап болған Ильинге өз қолдауын білдіре отырып, басынан өткен қиын сәтте спортшыдан теріс айналған адамдарды сөгіп тастады.

Өнер саласының өкілі зілтеміршінің өмірі мен мансабындағы аса ауыр кезеңде оны көпшілік даттап шыққанын еске алды. Қонарованың сөзінше, енді Ильин алтын алғанда оны сынға алған жұртшылықтың пікірі кенеттен өзгеріп шыға келгеніне шүйлікті.

"Мәңгілік чемпионсың. Қарапайымдылығы, рухы мен адамгершілігі үшін қатты сыйлаймын. Қазір әдеттегідей барлығы райынан қайтып, оны түк болмағандай жер-көкке сыйғызбай мақтауды бастайды. Мұндай кездерде олар спортшыға өз тарапынан айтқан ауыр сөздерді ұмытып кетеді.
Өзі айтқан сөзге жауап бере алмай, көпшілік артынан еріп жүре беретін екіжүзді адамдарды жек көремін. Жел қайда соқса, түтін де сол жаққа қарай кетеді. Бұл өмірде бәрі мүмкін. Бүгін сөгіп, жермен жексен еткен адамыңыз ертесіне сізді жеткізбестей көкке шарықтап кетуі мүмкін" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, Илья Ильин 355 келіні еңсеріп, Ташкент қаласында өтіп жатқан халықаралық чемпионатта жеңімпаз атанды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840767-mgilik-cempionsy-konarova-altyn-zeip-algan-ilinge-zrekzardy-zazba-arnady/

pixel