RU

Алматыда жоғалған үш оқушы өлі күйінде табылды

Алматы қаласында із-түзсіз жоғалған үш оқушының денесі табылды. Анықталғандай олар суға батып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Сағынтаевтың айтуынша, құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалған оқушыларды іздестіру шараларын тоқтатқан.

"Өкінішке орай, Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсенғалиевтер қаза тапты.
Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында қайтыс болды.
Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді анықтау жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда болады", – деп жазды қала басшысы.

Қазақпараттың мәліметінше, 14 жастағы балалар 12 қаңтар күні шамамен сағат 13:00-де Алғабас шағынауданындағы №184 мектепке бару үшін үйлерінен шыққан. Барлығы мектеп формасында және рюкзакпен болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оралда достарымен суға түсуге кеткен тұрғынның денесі Жайық өзенінің жағасынан табылғаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1840771-almatyda-zogalgan-s-okusyny-denesi-tabyldy.html