RU

Үндістанда коронавирус жұқтырдым деп ойлаған ер адам өз-өзіне қол салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Зәр шығару жолдарының инфекциясын коронавирус белгілерімен шатастырып алған үндістандық ер адам ауруды таратпау үшін өз-өзіне қол салған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оbozrevatel.com-ға сілтеме жасап.

Үндістанда коронавирус жұқтырдым деп ойлаған ер адам өз-өзіне қол салды

Марқұм. Фото: Скриншот / ABN TELUGU

Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Читтур аймағында 54 жастағы Балакришнайя есімді азамат қайғылы жағдайға душар болды. Бұл туралы БАҚ беттерінде 12 ақпанда хабар тарады.

Ер адам ауырған соң дәрігерлерге жүгінген. Ақ халаттылар науқастан коронавирус анықталмаса да, медициналық бетперде киюге кеңес берген. Алайда дәрігерлерді дұрыс түсінбеген Балакришнайя өз-өзін айықпас дертке шалдықтым деп сендіріп тастаған.

Балакришнайя ауыл тұрғындарынан өзінен аулақ жүруін өтініп, оларға инфекция жұқтырып алудан қорыққан. Оның ұлының сөзінше, әкесі коронавирус жұқтырғанына кәміл сеніп, қатты байбалам салған. Бірнеше уақыт өткеннен соң ер адам суицид туралы айта бастапты.

Ғаламтордағы роликтерді көрген Балакришнайя өзінің коронавирус жұқтырғанына нақты көзі жетіп, өз-өзіне қол жұмсаған.

Басылымның жазуынша, бұған дейін Үндістанда дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқасты емдеп шығарған. Тағы дерт жұқтырған екі студент вирустан сауығып шыққан.

Еске сала кетсек, бүгін соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирустан көз жұмғандар саны 1310 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үндістанда коронавирус жұқтырдым деп ойлаған ер адам өз-өзіне қол салды
Mailfire view pixel