RU
"Зат ретінде қарайды": Елімізде қыз алып қашу бойынша көш бастап тұрған қай өңір

"Зат ретінде қарайды": Елімізде қыз алып қашу бойынша көш бастап тұрған қай өңір

Рассказать Вконтакте

Елімізде қыздарды алып қашу жөнінде Түркістан облысы бірінші орында тұр. Бұл туралы өңірдің прокуратура өкілдері мәлімдеді. Жалпы өткен жылы Қазақстан бойынша 210 бойжеткен алып қашқан. Араларында келін болуға келіспегендерді зорлағандар да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: azattyq.org /Ұлан Асаналиев

Көрнекі фото: azattyq.org /Ұлан Асаналиев

"2019 жылы республика бойынша үйлену мақсатында 210 адам ұрлау фактісі анықталған. Көш басында Түркістан облысы. Онда 102 жағдай тіркелген. Екінші орында - Сайрам ауданы мен Кентау қаласы, онда 19 деректен. Жетісай ауданында 11 бойжеткен ұрланған. Қыз ұрлаудың алты дерегі Мақтаарал, Келес және Төлеби аудандарында тіркелді", - делінген Түркістан облысының прокуратурасы ресми мәлімдемесінде.

Заңгер Айдос Шәріпжанов алып қашудың көп қазақстандықтар ауыр қылмыс екенін әлі де түсінбей келетінін айтады.

"Жалпы қоғамда орын алған адам ұрлау мәселесі бойынша, қазіргі жағдайда қыздарды алып қашу мәселесі бойынша айтатын болсақ, біз сезімге беріліп заң бойынша сауаттылығымыздың жоқ екенін білдірмеуіміз керек. Сезім - бір бөлек, заң - екінші бөлек", - дейді ол.

Осы мәселеге байланысты психолог Ержан Мырзабаев та өз ойын білдірді.

"Қыз бала үшін өзінің еркінен тыс біреумен отбасы құру өте ауыр психологиялық соққы. Көбісі бұған шыдай алмайды. Бір айдан кейін кетіп қалады. Жарты жылдан кейін ажырасып кетеді. Психологиялық травманың болуы себебі, алып қашып әкелінген келінге ата-енесінің, күйеуінің, жаңа туысқандарының көзқарасы төмен болады. Затты алып келген сияқты, зат ретінде қарайды", - дейді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жамбыл облысы Қордай ауданында қыз алып қашқан жігіттер 7 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.

Cондай-ақ, таяуда түркістандық бойжеткен өзін бейтаныс жігіт алып қашып зорлғанын айтып, ар-намысын аяққа таптаған кінәлілерді жазалануын сұраған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel